Ағымдағы жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Асаиновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Іс-шара барысында департаменттің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы туралы түсініктеме беріліп, саладағы ішкі тәуекелдер мен оларды азайту жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, қызметкерлер арасында адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталған шараларды күшейту туралы ұсыныстар айтылды.
Жиын соңында департамент басшысы жемқорлыққа қарсы күрес әрбір мемлекеттік қызметкердің ортақ міндеті екенін атап өтіп, ұжым мүшелерін заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға және кәсіби этиканы ұстануға шақырды.