2025 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Т.Оспанқұлов Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Іссапар аясында департаменттің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында комитет төрағасы министрліктің алдағы кезеңге арналған негізгі жоспарларымен бөлісіп, әлеуметтік қорғау саласында жүргізіліп жатқан реформалар мен жаңашылдықтарға тоқталды. Сонымен қатар, өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады. Департамент қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен шешімін қажет ететін жайттар туралы пікір білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.
Т.Оспанқұлов өңір мамандарының жұмысына оң баға беріп, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруда департаменттің рөлі зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол саладағы цифрландыру, азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.
Аталған кездесу – орталық пен өңір арасындағы тиімді диалог орнатуға, сондай-ақ әлеуметтік саясатты іске асыруда тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды шара болды.