Жиын барысында мүгедектікті тағайындау рәсімдерін жетілдіру, құжаттарды рәсімдеу тәртібі және медицина ұйымдарының осы бағыттағы рөлі талқыланды. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қарау үдерісін жеңілдету және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Кездесуге бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағалары және сала мамандары қатысты. Олар мүгедектікке шығу процесіндегі өзекті мәселелерді талдап, жүйені оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізді.
Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.