Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өтті

Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өтті

Бүгін Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин мен Атырау облысы әкімінің мүгедектігі бар адамдарға қатысты кеңесшісі Марат Үмбеталиев мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өткізіп, олардың жеке сұрақтарына жауап берді.

Кездесуге қалалық әкімдіктің дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, Атырау теміржол вокзалының әкімшілігі, денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ мүгедектігі бар жандарды қолдайтын қоғамдық бірлестік өкілдері мен инватакси қызметі қатысты.

Кездесу барысында азаматтар инватакси қызметі, тұрғын үй алу, санаторийге жолдама, теміржол қызметі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және пандустар мәселесіне қатысты өз сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

Қала әкімі барлық сұрақтарға заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелердің назарда болатынын жеткізді.

Бұл кездесу – жергілікті билік пен қоғам арасындағы ашық диалог пен өзара түсіністіктің жарқын көрінісі болды.