«Ойын бизнесі туралы»

«Ойын бизнесі туралы»

025 жылғы 22 мамырда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі уәкілдің ағымдағы жылға арналған жоспарына сәйкес, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу бағытында «Жаңа өмір» қолдау орталығының басшысы Т.Рамазановпен кездесу өтті.
Кездесу барысында Тимур Рамазанов өз өміріндегі ауыр кезең туралы ашық баяндады. Ол бірнеше жыл бойы ойын бизнесінің құрбаны болып, лудоманиядан зардап шеккенін, бұл тәуелділіктің психологиялық және қаржылық тұрғыдан үлкен зиян келтіргенін жеткізді. Дегенмен, кәсіби көмек пен ішкі жігерінің арқасында ол бұл қиындықтан шығып, бүгінде басқа адамдарға қолдау көрсетіп жүргенін айтты.
— «Мен өзімді ғана емес, айналамдағы адамдарды да жаралағанымды түсіндім. Лудомания – жай әдет емес, бұл – нағыз дерт. Қазір мен сол жолдан шықтым және өзгелерге көмектескім келеді» - деді Тимур Рамазанов.
Кездесуге қатысушылар тәуелділіктің себептері, белгілері және одан арылудың жолдары туралы сұрақтар қойылып, пікір алмасты.