Әдеп кодексі

Әдеп кодексі

2025 жылғы 23 мамырда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі уәкілдің ағымдағы жылға арналған жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің
әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы А.Б.Тулепованың қатысуымен кездесу өтті. Кездесуде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылығы туралы айтылды.