Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 20 мамыры күні Еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы-мемлекеттіе еңбек инспекторы Б.Салықтың қатысуымен Қазақстан Республикасындағы Еңбек Кодексінің негізгі талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілді. Шараның мақсаты - қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек құқықтарын түсіндіру, еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек шарттарының дұрыс жасалуын қамтамасыз ету және еңбек қатынастарының тиімділігін арттыру болып табылады.