«Терроризм актісі болған жағдайда ықтимал жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмі»

«Терроризм актісі болған жағдайда ықтимал жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмі»

 

   

28.02.2025 жылы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің ғимаратында Астана қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы Департамент қызметкерлерімен «Терроризм актісі болған жағдайда ықтимал жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында нұсқаулық өткізді.

        Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеуге және мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік мас күйінде пайда болуының алдын алу және оған жол бермеу, көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқаруға бағытталған профилактикалық жұмыс жүргізілді.

      Спикерлер Астана қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс – қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Сейтенов Жандос Қалиоллаұлы және Астана қаласы полиция департаментінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Амантай Азат Асқарұлы сөз сөйледі.