Әлеуметтік саланың мемлекеттік қызметтері бойынша көрсетілетін қызметті алушылар күні

Әлеуметтік саланың мемлекеттік қызметтері бойынша көрсетілетін қызметті алушылар күні

2024 жылғы 15 наурызда "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары М. Т. Мұратбековтың, Астана қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің орынбасарлары Д. Т. Садвокасова, С.З. Игембаеваның қатысуымен Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаменті ұйымдастырған Әлеуметтік саланың мемлекеттік қызметтері бойынша "көрсетілетін қызметті алушылар күні" өтті. Департамент басшысының орынбасары Д. Садвокасова әлеуметтік, зейнетақы төлемдері және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша түсініктемелер берді.