2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы толемдері мен жәрдемақылардың мөлшерінің арттырылуы туралы

2024 жылдың  1 қаңтарынан бастап зейнетақы  толемдері мен  жәрдемақылардың  мөлшерінің арттырылуы туралы

«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен стандарттар бекітілді.

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге мөлшерінде;

Ең төменгі зейнетақы - 57 853 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) - 43 407 теңге;

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге.

Осыған байланысты 1 қаңтардан бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің  мөлшерлері арттырылады.

  1. Жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 9 % - ға артады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс  55 АЕК-ні (203 060 теңге) құрайды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)    205-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.

Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы (60 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.

Бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарғада қатысты. Ең томен базалық зейнетақы - 28 215 тенгені,  ең жоғары  45 578 тенгені құрайтын болады.

Мүгедектігіне және  асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, оның ішінде Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және түзеу мекемелерінде орналасқан адамдар үшін Кодексінің 177 және 236-баптарында көзделген мөлшерде 2024 жылғы 1 қаңтарда ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады.

Мысалы жалпы ауру бойынша 1 топтағы мүгедектік бойынша жәрдемақы – 95496 теңгені, 2 топ – 76 мың теңге, 3 топ – 52 мың теңгені құрайды. 

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 925 қаулысына сәйкес 2024 жылы 1 қаңтарынан бастап 7 % артады.

            Бұдан басқа  Кодексінің  85-бабының 2-тармағына сәйкес ала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері осы Кодекстің 76-бабына сәйкес ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, осы Кодекстің 82-бабына сәйкес бала туу кезектілігіне қарай белгіленген бала күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерінен кем болмайды.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері міндетті зейнетақы жарналарының қосымша есептелуін ескере отырып, бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақының мөлшерінен кем болады.

Басқа жәрдемақылардың мөлшері АЕК мөлшерінің артуына байланысты артады.