Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) келесі өзгерістер бар екендігін хабарлайды.
Біріншіден, Кодекс аясында «Марапатталған аналар» жаңа термині енгізілуде. Бұл мәртебе көп балалы ананың еңбегін құрметтеу және мойындау ретінде өмір бойы «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге берілетін болады.
Бұдан басқа наградталған аналарға тағайындалатын жәрдемақы мөлшері сараланады.
Осылайша, «Алтын алқа» алқасымен, «Батыр ана» атағы бар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 7,4 (25530 теңге) айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК 2023ж. 3450тг.) дейін арттыру ұсынылған.
Екіншіден, қылмыстық-атқару жүйесіндегі бірінші топ мүгедектігі бар азаматтарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға бірінші топ мүгедектігі бар азаматтың күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы тағайындау құқығы берілген.
Осы ретте, бірінші топ мүгедектігі бар азамат пен күтімді жүзеге асыратын адам бір қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болу қажет. Жәрдемақы тағайындауға өтініш беруге қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі ықпалдасады.
Осы ретте, бүгінгі таңда күтімді жүзеге асыратын адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын атап өтеміз. Дегенмен, Кодекс аясында аталған санаттағы азаматтар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарынан алынып тасталады. Кодекске сәйкес оларға бірінші топ мүгедектігі бар азаматтарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға 1,61 (65313 теңге) ең төменгі күнкөріс (бұдан әрі – ЕТКД 2023ж. 40567тг.) мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындалалы.
Үшіншіден, мүгедектігі бар азаматтардың әлеуетін жақсарту мақсатында келесі жәрдемақылардың мөлшерін ұлғайту қарастырылған:
2023 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшін жояды.
Кодексте мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар бөлігінде өзгерістер көзделген:
1) Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру бөлігінде;
2) Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығы бөлігінде.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыруға қатысты
Кодекстің 176-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мынадай мөлшерде тағайындалады:
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға - 1,61 (65313 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
бірінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар - 2,20 (89248 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
екінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар - 1,83 (74238 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар - 1,61 (65313 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі;
бірінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға - 2,20 (89248 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
екінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға - 1,83 (74238 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
үшінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға - 1,61 (65313 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 2,20 (89248 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 1,76 (71398 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,20 (65313 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.).
Кодекстің 176-бабының 3) және 6)тармақшаларында көрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мынадай мөлшерде тағайындалады:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 3,22 (130626 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 2,75 (111560 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгей(ЕТКД 2023ж. 40567тг.)і;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,31(93710 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.).
Кодекстің 176-бабының 5) тармақшасында көрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мынадай мөлшерде тағайындалады:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 3,94 (159834 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.). (ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 3,04 (123324 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,31 (93710 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі.
Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектігі бар адамдардың тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бар адамдардың осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне дейін тиісті қосымша ақылар түрінде жүргізіледі.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыруға қатысты
Кодекстің 236 бабына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері:
отбасының бір еңбекке жарамсыз мүшесі болған кезде - 0,92 (37322 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
екеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне(68964 теңге) 1,70 ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
үшеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне (91276 теңге) – 2,25 ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
төртеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне(105475 теңге) -2,60 ең төменгі күнкөріс деңгей(ЕТКД 2023ж. 40567тг.);
бесеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне(111560 теңге) – 2,75 ең төменгі күнкөріс деңгейі.
Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде әрқайсысына жәрдемақының мөлшері (121701 теңге) 3,00 ең төмен күнкөріс деңгейінің (ЕТКД 2023ж. 40567тг.) бірдей үлесі ретінде есептеледі.
Жетім балаларға ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір айлық жәрдемақы әрбір балаға (62474 теңге) 1,54 ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.), отбасының қалған еңбекке жарамсыз мүшелеріне (25151 теңге) – 0,62 ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.), бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне (118456 теңге) 2,92 ең төмен күнкөріс деңгейінен (ЕТКД 2023ж. 40567тг.) аспайтын мөлшерде тағайындалады.
Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне (11756 теңге) 0,29 ең төменгі күнкөріс деңгейі(ЕТКД 2023ж. 40567тг.), бірақ отбасының барлық мүшелеріне (118456 теңге) 2,92 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (ЕТКД 2023ж. 40567тг.) аспайтын мөлшерде.
Егер отбасының еңбекке қабілетсіз мүшесі алатын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне отбасының еңбекке қабілетсіз осы мүшелері үшін белгіленген, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығына қатысты
Кодекстің 177-бабының 5-тармағында жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және асыраушысының мүгедектігі кезеңінде айырылған жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері қайтыс болған асыраушысының еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің санына сәйкес келетін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшеріне ұлғаятындығы Кодекстің 236-бабына сәйкес көзделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қайтыс болған асыраушысының асырауында болу фактісіне қарамастан жоғары мөлшерде белгіленеді.
Осы баптың 6-тармағына сәйкес бала кезінен асыраушысының мүгедектігі кезеңінде айырылған мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері Кодекстің 236-бабына сәйкес белгіленген қайтыс болған асыраушысының еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің санына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшеріне ұлғаяды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы жоғары мөлшерде белгіленеді, бұл адамдар қайтыс болған асыраушысының асырауында болған жағдайда Кодекстің 234-бабының талаптарына сәйкес тағайындалады.
Бұдан басқа, Кодекстің 234-бабының 7-тармағына сәйкес мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға бір мезгілде құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен барлық қажетті құжаттармен бірге Мемлекеттік корпорацияда өтініш тіркелген күннен бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру жүргізіледі.
2. Кодекстің 242-бабының 1-тармағына сәйкес республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді арттыру көзделген (Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда) – 35 АЕК (АЕК 2023ж. 3450тг.) - 120 750 теңге