Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау

Бүгінде мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі – арнайы әлеуметтік қызметтерді қолжетімді әрі сапалы ету.

Арнайы әлеуметтік қызметтер – қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға және көмекке мұқтаж басқа да азаматтарға көрсетілетін қолдау.

Қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл салада міндетті лицензиялау енгізілді.

Бүгінде Астана қаласында лицензия алған 18-ден арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйым жұмыс істейді, олар 7 мыңнан астам адамға көмек көрсетіп келеді.

Ең, сұранысқа ие арнайы әлеуметтік қызметтер – үйде көрсетілетін қызметтер. Жыл басынан бері олармен шамамен 3 мың астаналық қамтылған.

Лицензиялау басталғалы бері 120-дан астам өтініш түсті. Бас тартудың негізгі себептері – құжаттар топтамасының толық болмауы, штат талаптарына және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмеу.

Алайда ескертулер жойылғаннан кейін ұйымдар құжаттарын қайта тапсыра алады.

2026 жылғы 28 мамырда тексеру парақтарына маңызды өзгерістер енгізілді.

Осылайша біз бақылауды күшейттік. Енді инспекторлар лицензияның бар-жоғын тексеруге құқығы бар.

Тек тексерілген ұйымдарға ғана жүгініңіз.

Өзіңізге немесе жақындарыңызға орталық таңдаған кезде міндетті түрде Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензияның бар-жоғын тексеріңіз.

Сапалы Арнайы әлеуметтік қызметтер алуға құқығыңыз мемлекет тарапынан қорғалған!