Зейнеткерлік жасты көтеру елде бірнеше жылдан бері қызу талқыланып келеді.Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту туралы тұжырымдамасы аясында әйелдердің зейнетке шығу жасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 58-ден 58,5 жасқа дейін көтерілді. Тұжырымдамаға сәйкес, 2018 жылдан 2027 жылға дейінгі аралықта зейнеткерлік жас жыл сайын 6 айға ұлғайып, 2027 жылы 63 жасты құрайтын болады.
Зейнеткерлік жасты ұлғайтудың маңызды себебі - бұл ынтымақтастық жүйесінің қысқарыу және сәйкесінше, ынтымақты зейнетақылар мөлшерінің төмендеуі. Нәтижесінде БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің рөлін арттыру болып келеді. Яғни, адам неғұрлым ұзақ жұмыс істеп, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын аударса, зейнетақының мөлшері соғұрлым көп болады. Сонымен қатар ол жинақтаушы жүйенің мүшесі болып, жинақтаушы жүйесіне қатысу уақытының ұзақтығына байланысты төленетін базалық зейнетақысының мөлшерін де арттырады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 59,5 жасты құрайды, ал 01.01.2021 жылан бастап 60 жасты құрайды. Департаменттің зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Жансая Секербекова «Qazaqstan» телеарнасының зейнет жасын ұлғайту туралы сұрақтарына жауап берді.