
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ретте және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінің басшысы А.Аймагамбетов Instagram әлеуметтік желісі арқылы «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылаудың нәтижелері туралы» тікелей эфир өткізілді.
2015 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенциясын ратификациялады және мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу, сондай-ақ қоғамда мүгедектігі бар адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды қабылдау бойынша міндеттемелер алды.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қызметінің бағыттарының бірі Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекеттік бақылау профилактикалық бақылау және жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың құқықтарын бұзудың нақты фактілері бойынша өтініштері негізінде жоспардан тыс тексерулер түрінде мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуы;
2) инфрақұрылым нысандарына, көлікке, ойын-сауық мәдени-көпшілік және спорттық ғимараттарға және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
3) арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету.
2026 жылдың сегіз айында Департамент тарапынан 73 тексеру іс-шарасы жүргізілді, оның ішінде: Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі Комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінде 61 тексеру тіркелді, сондай-ақ прокуратура органдарымен бірлесіп 12 тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша 143 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
- 120 бұзушылық – мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз етпеу бойынша;
- 13 бұзушылық – әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету кезінде;
- 10 бұзушылық – арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі заңнама талаптарын бұзу.
Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік инспекторлар тарапынан бұзушылықтарды жою туралы 35 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 8 148 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, жергілікті жерлерде объектілер мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына бейімделмеген немесе тек кресло-арбаларды пайдаланатын адамдарға ғана бейімделген, ал есту және көру қабілеті бұзылған адамдарды қоса алғанда, толық бейімделу қажет.
Объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізу кезіндегі негізгі бұзушылықтар:
- пандустың болмауы немесе дұрыс орнатылмауы;
- пандустың бойлық еңісіне сәйкес келмеуі;
- ішкі пандустардың болмауы;
- сыртқы баспалдақтар мен пандустарда тұтқалардың болмауы (оның ішінде бір жағында және бөлгіш тұтқалар);
- кіреберіс алаңының, кіреберіс және ішкі есіктердің енінің сәйкес келмеуі (90 см);
- есік табалдырығының (1,4 см) және баспалдақтың (12 см) биіктігінің сәйкес келмеуі;
- көру қабілеті бұзылған адамдар үшін мнемосхема мен ақпараттық көрсеткіштердің болмауы;
-санитарлық-тұрмыстық үй-жайларда шұғыл түйменің болмауы;
- тактильді ақпарат құралдарының, белгілер мен символдардың болмауы;
- лифттерде дабыл сигналдары мен хабарлағыштардың болмауы және т.б.
Сонымен қатар, 2026 жылдың екінші жартыжылдығында Департамент тарапынан мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына, мәдени-көпшілік ұйымдарға және спорттық ғимараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 20 нысанда профилактикалық бақылау жүргізу жоспарланған (оның ішінде денсаулық сақтау нысандары -9, білім беру -6, мәдениет және спорт -2, мектепке дейнгі мекемелер -1, квазимемлекеттік сектор -1, әлеуметтік сектор -1, әлеуметтік қамсыздандыру -1).
Құрметті елорда тұрғындары, естеріңізге саламыз, нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз етпеу мәселелері бойынша құқықтардың бұзылуының кез келген фактілері бойынша Сіз біздің Департаментке нысандардың растайтын фото немесе видео материалдарын қоса бере отырып жүгіне аласыз.