Тіл - ұлттың жаны

Тіл - ұлттың жаны

5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күніне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 02.09.2026 жылы Департаментімізде тағылымды іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызы, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімі мен ұлттық руханиятқа қосқан өлшеусіз үлесі туралы айтылды.

«Тілі бірдің - тілегі бір» дегендей, мемлекеттік тілді құрметтеу - әр азаматтың ортақ міндеті. Ана тіліміздің абыройын асқақтатып, оның қолданыс аясын кеңейту - баршамызға ортақ жауапкершілік.

Тіл - халықтың рухы, ұлттың жаны, елдіктің берік тұғыры!