
Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау — бұл заңнаманың сақталуын тексеру ғана емес. Ең алдымен, бұл азаматтардың құқықтарын қорғауға және әлеуметтік саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тетік.
Азаматтар үшін әлеуметтік кепілдіктер мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен заңдылығына мемлекеттік бақылау жүргізілетінін білу маңызды.
Мемлекеттік бақылау дегеніміз не?
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 258-бабына сәйкес әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау — Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды тексеруге, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған шаралар кешені.
Мемлекеттік бақылау мынадай салаларда жүзеге асырылады:
Мемлекеттік бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Нақты не тексеріледі?
Бақылау бағытына қарай заңнама талаптарының сақталуы, атап айтқанда, мына мәселелер бойынша бағаланады:
1.Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын сақтау
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыру бөлігінде заңнамада белгіленген талаптардың сақталуы тексеріледі, оның ішінде қажетті әлеуметтік қорғау және оңалту шараларымен қамтамасыз ету мәселелері қаралады.
2.Объектілердің қолжетімділігі және кедергісіз орта
Мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптарының сақталуы бақыланады.
Оларға әлеуметтік инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, мәдениет, спорт, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету объектілері және заңнама талаптарына сәйкес қолжетімділігі қамтамасыз етілуге тиіс басқа да объектілер жатады.
3.Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар мен субъектілердің заңнама талаптарын сақтауы тексеріледі.
Бұл ретте қызметтердің сапасы мен көрсетілу жағдайлары, қызмет алушылардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ тиісті ұйымдардың қызметіне қойылатын белгіленген талаптардың орындалуы бағаланады.
4.Оңалту іс-шараларын іске асыру
Бақылау құзыреті шегінде оңалту іс-шараларын орындау және мүгедектігі бар адамдарды көзделген оңалту құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз ету кезінде заңнама талаптарының сақталуы тексеріледі.
Қолданыстағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінде жекелеген оңалту іс-шараларының орындалмауы туралы ақпаратты талдау көзделген, оның ішінде протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен және кресло-арбалармен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.
5.Әлеуметтік төлемдердің заңдылығы және уақтылылығы
Мемлекеттік бақылаудың тиісті бағыты шеңберінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде заңнама талаптарының сақталуы бағаланады.
Оның ішінде төлемдерді тағайындаудың немесе тағайындаудан бас тартудың заңдылығы, сондай-ақ олардың алушыларға уақтылы және толық аударылуы қаралады.
Бақылау қалай жүргізіледі?
Әлеуметтік кодексте мемлекеттік бақылауды мынадай нысандарда жүзеге асыру көзделген:
Тиісті бақылау іс-шараларын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Бұл ретте бақылау тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Бұл профилактикалық бақылауды жоспарлау кезінде заңнамада белгіленген объективті және субъективті критерийлер, алдыңғы бақылау іс-шараларының нәтижелері және заңнамада көзделген өзге де ақпарат көздері ескерілетінін білдіреді.
Неліктен тәуекелге бағдарланған тәсіл қолданылады?
Негізгі міндет — азаматтардың құқықтарының бұзылу қаупі жоғары болуы мүмкін салалар мен субъектілерге бақылау іс-шараларын бағыттау.
Қолданыстағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бақылау субъектілерін тиісті тәуекел дәрежелеріне жатқызуды көздейді.
Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты заңнамада тиісті бақылау іс-шаралары көзделген.
Мұндай тәсіл мемлекеттік бақылауды неғұрлым мақсатты жүргізуге және сонымен бірге адал жұмыс істейтін субъектілерге негізсіз жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Құқық бұзушылық анықталған жағдайда не болады?
Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда заңнамада көзделген ден қою шаралары қабылданады.
Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік инспектор анықталған құқық бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу және жол бермеу туралы нұсқама шығаруға құқылы.
Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторлардың нұсқамалары бақылау субъектілері үшін міндетті болып табылады.
Заңнамада көзделген жағдайларда анықталған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және заңда көзделген өзге де жауапкершілік туындауы мүмкін.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылады.
Заңнамада көзделген жағдайларда мемлекеттік инспектор тиісті жұмыскерлерді немесе лауазымды адамдарды жұмыстан уақытша шеттету бойынша шаралар қабылдауға құқылы.
Мемлекеттік бақылау не үшін қажет?
Мемлекеттік бақылау:
Осылайша, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау — заңдылықты қамтамасыз етудің және азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды құралы.
Мемлекеттік бақылаудың түпкі мақсаты — жүргізілген тексерулердің санын көбейту емес, заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекет кепілдік берген азаматтардың құқықтарын қорғау.
Нормативтік құқықтық база
Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау:
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің өзекті редакцияларымен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі — «Әділет» арқылы танысуға болады.