Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылаудың жүргізілуі туралы: қалалық ортаның қолжетімділігінде не өзгерді

Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылаудың жүргізілуі туралы: қалалық ортаның қолжетімділігінде не өзгерді

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) қызметінің бағыттарының бірі Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің талаптарын сақтауғамемлекеттікбақылаудыжүзеге асыру болып табылады.

Мемлекеттік бақылау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) мүгедек адамдардың құқықтарын сақтау;

2) мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімді кедергісіз орта құру;

3) ЖАО арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

2026 жылдың 1-ші жартыжылдығында Департаментпен барлығы 51 тексеру жүргізілді, оның ішінде: ҚСжАЕК-да тіркелгені – 39 тексеру (оның ішінде 37-жоспардан тыс тексеру, 2-профилактикалық бақылау); прокуратура органдарымен бірлесіп – 12 тексеру жүргізілді.

Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша барлығы 92 бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 69 бұзушылық – мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, сондай-ақ мәдени ойын-сауық ұйымдары мен спорт объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптарының сақталмауына байланысты;

- 5 бұзушылық - Әлеуметтік қызметтер порталында оңалтудың техникалық құралдарымен  қамтамасыз ету бойынша;

- 8 бұзушылық - оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жұмысы бойынша;

- 10 бұзушылық - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнама бойынша.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 20 нұсқама берілді.

20 әкімшілік айыппұл салынып, жалпы сомасы 5 742 040 теңгені құрады (оның ішінде заңды тұлғаларға – 19, бір лауазымды тұлғаға –1). Салынған айыппұлдардың 5 119 240 теңгесі төленді.

2026 жылға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету "АMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша бекітілген Жол картасына сәйкес бейімделу жоспары порталда интерактивті қолжетімділік картасына "INVA.gov.kz" (бұдан әрі-портал INVA.gov.kz)  енгізілген жалпы санының 80% - % құрайды.

Бүгін Астана қаласы бойынша "INVA.gov.kz" порталындағы мәліметтер бойынша Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасымен (бұдан әрі-Басқарма) 2143 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі енгізілген, оның 69% немесе 1479-ы бейімделген.

Бұл жұмыстың жалғасы бар және 2026 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеуді 80% - ға (немесе 2143 объектінің 1714-ін) қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар, жергілікті жерлерде объектілер мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына бейімделмеген немесе тек кресло-арбаларды пайдаланатын адамдарға ғана бейімделген, ал есту және көру қабілеті бұзылған адамдарды қоса алғанда, толық бейімделу қажет.

Объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізу кезіндегі негізгі бұзушылықтар:

- пандустың болмауы немесе дұрыс орнатылмауы;

- пандустың бойлық еңісіне сәйкес келмеуі;

- ішкі пандустардың болмауы;

 - сыртқы баспалдақтар мен пандустарда тұтқалардың болмауы (оның ішінде бір жағында және бөлгіш тұтқалар);

- кіреберіс алаңының, кіреберіс және ішкі есіктердің енінің сәйкес келмеуі (90 см);

- есік табалдырығының (1,4 см) және баспалдақтың (12 см) биіктігінің сәйкес келмеуі;

- көру қабілеті бұзылған адамдар үшін мнемосхема мен ақпараттық көрсеткіштердің болмауы;

-санитарлық-тұрмыстық үй-жайларда шұғыл түйменің болмауы;

- тактильді ақпарат құралдарының, белгілер мен символдардың болмауы;

- лифттерде дабыл сигналдары мен хабарлағыштардың болмауы және т.б.

Сонымен қатар, 2026 жылдың екінші жартыжылдығында Департамент тарапынан мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына, мәдени-көпшілік ұйымдарға және спорттық ғимараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 20 нысанда профилактикалық бақылау жүргізу жоспарланған (оның ішінде денсаулық сақтау нысандары -9, білім беру -6, мәдениет және спорт -2, мектепке дейнгі мекемелер -1, квазимемлекеттік сектор -1, әлеуметтік сектор -1, әлеуметтік қамсыздандыру -1).