
2026 жылы 24 шілдеде сәуірде « Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі №4 медициналық- әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы А.Б.Шомбаеваның жетекшілігімен МӘС мамандары арасында« Жақ-бет аймағының туа біткен ақаулары кезіндегі медициналық- әлеуметтік сараптама және оңалту» тақырыбында оқыту семинар-кеңесі өткізілді. Семинар барысында жақ-бет аймағының туа біткен ақаулары кезінде МӘС жүргізу ерекшеліктері, мүгедектікті белгілеу критерийлері, оңалтудың негізі бағыттары және жеке оңалту бағдарламасын әзірлеу мәселелері талқыланды.