
2026 жылға арналған Әдеп жөніндегі уәкілдің үлгілік жұмыс жоспарының 2.2 және 2.5-тармақтарын орындау мақсатында Астана қаласы Дін істері басқармасының «Қамқор-Астана» қоғамдық қорының дінтанушы маманы Арулан Қуатовтың қатысуымен дін және рухани-адамгершілік құндылықтар мәселелері бойынша 2026 ж. 23.06 семинар өткізілді.
Іс-шара барысында діни сауаттылықты арттыру, толеранттылық мәдениетін қалыптастыру, конфессияаралық келісімді нығайту және деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға діннің қоғамдағы рөлі, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау мен қоғамдық бірлікті нығайтудың маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылды.
Семинар аясында ашық диалог ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан жан-жақты түсіндірмелер алды. Іс-шара сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтіп, қатысушылардың дін мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыруға ықпал етті.