Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі өзгеруі туралы

Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі өзгеруі туралы

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінің бас маманы Айдарова Гульнур Оразханқызы зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесіне еңгізілген өзгерістері туралы түсіктеме берді

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі өзгертілді. Тиісті Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаулы қол қойылған сәттен бастап 10 күннен кейін, яғни 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қоғамның белсенді қызығушылығына және көптеген сауалдардың туындауына байланысты ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) есептеу әдістемесіндегі жоспарланған өзгерістерді түсіндіреміз.

Төменгі жеткіліктілік шектерін есептеу әдістемесін қайта қараудың негізгі мақсаты - болашақ жинақтаушы зейнетақының жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының төменгі сомасына қойылатын талаптарды арттыру, зейнет жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен салымшының кірісін «ең төменгі халықаралық стандарттарды ескере отырып кезең-кезеңімен» өсіру. 

Өзгеріс жасауға не себеп болды?

Қолданыста болған Әдістемеге сәйкес төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері жыл сайын бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, ең төменгі жалақы мөлшері мен инвестициялық кірістілік негізінде болашақ зейнетақы жарналарының болжамды көрсеткіштерін ескере отырып жүргізілген есептеулер нәтижесінде белгіленеді.

Бұл ретте, қолданыстағы қолданыста болған Әдістеменің бірқатар осал тұстары бар, олар:

  • ұзақ мерзімді макроэкономикалық болжамдарға тәуелділік, осының әсерінен жыл сайын ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері құбылмалы болады;
  • салымшының болашақ зейнетақы жарналарын нақты төлеуіне кепілдіктердің болмауы;
  • болашақ зейнетақы төлемдері мөлшерінің аздығы.

Қолданыста болған әдістеме бойынша, азамат зейнетақы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шектерінен асатын бөлігін пайдаланған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аударуды одан әрі қарай жалғастырады деп болжанған. Мұндай жағдайда, болашақта шамамен қазіргі күнкөріс минимумы (КМ) деңгейінен, яғни 50 мың теңгеге жуық төлем алуы мүмкін.

Алайда, іс жүзінде жарналар тұрақты аударылмауы немесе мүлде тоқтауы мүмкін. Соның себебінен бүгінгі Төменгі жеткіліктілік шектерінің  болашақ зейнетақы көлемінің жеткіліктілігін қамтамасыз ете алмайды деген қауіп бар.

Сонымен қатар, жарналар уақытылы аударылып, іс жүзіндегі Төменгі жеткіліктілік шектерінің мөлшерін қамтамасыз еткеннің өзінде 50 мың теңге көлеміндегі жинақтаушы зейнетақы бүгінгі медианды жалақының 15%-нан аспайды. 

​ Жаңа Әдістеме нені көздейді?

Ұсынылған Төменгі жеткіліктілік шектерін  анықтаудың жаңа әдістемесі азаматтарға зейнетақы төлемдерінің неғұрлым жоғары және болжамды деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, жаңа тәсілге сәйкес, Төменгі жеткіліктілік шектерінен жоғары жинақтарды алғаннан кейін болашақ жинақтаушы зейнетақы мөлшері медианды жалақының кемінде 40% деңгейіне жуықтайды және  2025 жылғы 4 тоқсанда оның мөлшері -339 912  теңгені құрады.

Сонымен қатар, ұсынылған Әдістемеде жеткіліктілік шектері болашақ жарналарға және көптеген макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы болжамды өзгерістеріне байланысты болмайды. Төменгі жеткіліктілік шектерінің шамалары ұлттық статистиканы ескере отырып, БҰҰ үнемі жаңартып отыратын Қазақстан халқының демографиялық кестелерін қоса алғанда, ұзақ мерзімді факторлар негізінде айқындалатын болады.

Төменгі жеткіліктілік шектерінің мөлшері қазіргідей салымшының жасына байланысты болады: азамат зейнеткерлік жасқа неғұрлым жақын болса, болашақ зейнетақыны қамтамасыз ету үшін төменгі жеткіліктілік шектерінің деңгейі соғұрлым жоғары болуы керек.

Төменгі жеткіліктілік шектерін анықтау үшін болашақ зейнетақы төлемінің ағымдағы құнын есептеудің классикалық формуласы пайдаланылатын болады. 

Басқаша айтқанда, жаңа формула бойынша жинақтардың ең аз сомасы Төменгі жеткіліктілік шектерінің шамасы айқындалады, яғни мақсатты мөлшерде зейнетақы алуды қамтамасыз ету үшін салымшының жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) болуы тиіс.

Сонымен қатар, болашақ төлемдерді есептеу инфляция мен инвестициялық кірістің әсерін ескереді, яғни болашақ төлемдердің мөлшері инфляцияны ескере отырып, нақты мәнде өседі.

Осылайша, Төменгі жеткіліктілік шектерін айқындаудың жаңа әдістемесі зейнетақы төлемдері есебінен салымшының кірісін алмастыру коэффициентінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында болашақ жинақтаушы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі сомасына қойылатын талаптарды арттырады.

Бұдан басқа, мұндай әдістеме Төменгі жеткіліктілік шегін анықтау жүйесін зейнетақымен қамсыздандырудың халықаралық стандарттарына жақындатуға және зейнеткерлікке шыққан кезде зейнетақы жинақтарының жеткіліксіздігі қаупін азайтуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, зейнетақы жинақтары, ең алдымен, егде жастағы азаматтардың табысын қамтамасыз етуге арналғанын атап өтеміз.

Сондықтан зейнеткерлікке шыққанға дейін зейнетақы қаражатын үнемі пайдалану жинақтау көлемінің күрт төмендеуіне және сәйкесінше болашақ зейнетақы төлемдері мөлшерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Осылайша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақталуда, алайда алу үшін қолжетімді қаражат көлемін айқындау тәсілдері азаматтарды болашақта зейнетақы төлемдерінің жеткілікті және тұрақты деңгейде қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып жетілдіріледі.

 Қазақстанда жаңа әдістеме бойынша Төменгі жеткіліктілік шектерінің есебі нақты жағдайларға жақындап, озық елдердің зейнетақымен қамсыздандыру тәжірибесімен сәйкестендіруге бағытталып, Азаматтың зейнеткерлікке шыққан кезде жинақ көлемі жеткіліксіз болу қаупі азаяды.

Жаңартылған әдістеме жинақтаудың бір бөлігі алынған жағдайда, болашақ жинақтаушы зейнетақы нысаналы көрсеткіштерден төмен болмайтындай және зейнеткерлік жастағы азаматтарға тұрақты зейнетақы табысын қамтамасыз ететіндей етіп Жеке Зейнетақы Шотында сақтау үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.