
Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы А. Аймағамбетов тікелей эфирде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан техникалық көмекші құралдармен және (немесе) қызметтермен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Департамент Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. Біздің негізгі міндетіміз – әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, осы міндетті орындау мақсатында Департамент:
- Іске асыру функцияларын: зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды (республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау туралы шешімдер қабылдау); құзыреті шегінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауды; медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуді жүзеге асырады.
- Бақылау функцияларын: мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына; арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жүзеге асырады. Олардың өкілеттіктері Әлеуметтік кодексте белгіленген, олардың құзыретіне:
- мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын;
- арнайы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуін мемлекеттік бақылау кіреді.
Мемлекеттік бақылау келесі субъектілерге қатысты жүргізіледі:
- арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға (арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, уақытша болу орталықтары, үйде көмек көрсету орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар);
- жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларына – мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз ету бөлігінде;
- мемлекеттік және жеке әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне – мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру және толық қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде.
Бақылау жоспарлы түрде (профилактикалық бақылау түрінде) және жоспардан тыс тәртіппен (жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша) жүргізіледі.
2.Астана қаласындағы инклюзия
Бүгінде Астана қаласында шамамен 42 мың мүгедектігі бар адам тұрады.
Олар жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алады, сондай-ақ Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарымен және бірқатар қызметтермен (жеке көмекші қызметтері мен ымдау тілі маманының қызметтері) қамтамасыз етіледі.
Осы орайда, Министрлік мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отырғанын атап өткім келеді. Бұл жұмыстар барысында қоғамдық ұйымдардың және қызмет алушылардың ұсыныстары ескеріледі.
Бүгінде Инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында, яғни мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоғамдық өмірге толыққанды тарту мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа тәсілдерді енгізуде.
Бірінші бағыт – оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету
Енді техникалық оңалту құралдарының құны электрондық сауда алаңдарымен интеграция арқылы автоматты түрде
анықталады. Бұл әдіс әділ баға белгілеуді қамтамасыз етіп, адами фактордың әсерін азайтуға мүмкіндік береді.
Талдау нәтижелері көрсеткендей, мұндай тәсіл Әлеуметтік қызметтер порталындағы техникалық оңалту құралдарының бағасын төмендетуге ықпал етті.
Сондай-ақ санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету мәселелері де өзекті болып отыр. Бұл көбінесе қызмет көрсетушілердің жұмысына байланысты.
Осыған байланысты Министрлік санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістерді әзірлеуде.
Апта сайын министрліктің Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарында мүгедектігі бар адамдарға санаторийлік-курорттық ем көрсететін ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мәселелері қаралады.
Бұл жұмыстар барысында үкіметтік емес ұйымдардың және мүгедектігі бар азаматтардың барлық ұсыныстары ескеріледі.
Екінші бағыт – техникалық оңалту құралдарын қайтарымды пайдалану пилоттық жобасы
Қазіргі уақытта пилоттық жоба үш өңірде – Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында іске асырылуда.
Жоба қауіпсіз түрде қайта пайдалануға болатын техникалық оңалту құралдарын қайтару тетігін көздейді. Бұл механизм жеке пайдалануға арналған құралдарға қолданылмайды.
Ұлттық ғылыми орталықтардың филиалдары жанынан техникалық оңалту құралдарының айырбас қорлары мен тегін жалға беру пункттері құрылуда.
Мысалы, сіздің техникалық құралыңыз жөндеуді қажет етсе, оны жергілікті мамандарға тапсырып, жөндеу кезеңінде уақытша пайдалануға жарамды басқа құрал ала аласыз.
Бұл – адамның қоғам өміріне қатысуын үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған уақытша қолдау шарасы.
Яғни жөндеу, ауыстыру немесе жаңа құралды күту кезеңінде адам қажетті техникалық құралсыз қалмайды.
Осылайша, оңалту құралы уақытша болмаған жағдайда туындайтын тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік беріледі.