
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің (бұдан әрі – МӘС) №1 бөлім басшысы О.Ю. Бейсекина, МӘС ӘББ К.К. Исмаилов және бас маман Т.О. Жунусовтың қатысуымен 2026 жылғы 28 мамырда ДКК төрағалары мен дәрігерлік құрам арасында пациенттерді МӘС-ке жолдау кезінде медициналық құжаттаманың сапасын арттыру мәселелері бойынша ZOOM форматында семинар-кеңес өткізілді.
Қарастарылған кезеңде (2026 жылғы 1 сәуірден 28 мамырға дейін) медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолданған 5 адам аңықталды. Оның ішінде: №6 ҚЕ – 2, №15 ҚЕ – 1, №11 ҚЕ - 1, Центр семейного здоровья и счастья «Өнеге» ЖШС – 1.
Сонымен қатар, МӘС-ке жолдауда ең жиі кездесетін қателіктерге: науқастың деректерінің толық толтырылмауы (жұмыс орны), клиникалық диагноздың нақты көрсетілмеуі, анамнез және ауру ағымының жеткіліксіз жазылуы, зерттеу және тексеру нәтижелерінің толық тіркелмеуі, еңбекке жарамсыздық кезеңінің дұрыс көрсетілмеуі - еңбекке жарамсыздық парақтары және емделу кезеңі толық жазылмауы, жолдама түрін қате таңдау, кейбір жағдайларда көзбе көз (очно) қаралу керек науқастар сырттай-проактивті жолдау не керісінше жасау) фактілері орын алды. Осы кемшіліктерге талдау жүргізіліп, оларды болдырмау жолдары қарастырылды. Медициналық ұйымдарға құжаттаманы жүргізу сапасын арттыру, ішкі бақылауды күшейту және жауапты мамандардың біліктілігін жоғарылату бойынша ұсынымдар берілді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарының: 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 – «МӘС жүргізу қағидалары»; 2023 жылғы
30 маусымдағы № 283 бұйрығымен бекітілген «Санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидалары»; 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен бекітілген «Протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық қосымша (компенсаторлық) құрылғылармен, арнаулы жылжу құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары», 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығымен бекітілген – «Жеке көмекші қызметін ұсыну қағидаларының» негізгі ұстанымдары түсіндірілді.
Емханалар дәрігерлері дайындаған МӘС мәселелері бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.
Кеңестің қорытындысы бойынша азаматтарды МӘС-ке жолдау кезінде медициналық құжаттаманың сапасын жақсарту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.