
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 135-бабының нормасы күшіне енеді, оған сәйкес инклюзивті инфрақұрылымды құруға қойылатын талаптар объектінің бүкіл өмірлік циклін - жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейінгі кезеңді қамтиды.
Аталған өзгерістерге сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділік талаптарына сәйкестігін растау функциясы жергілікті атқарушы органдардан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беріледі.
Бұл функцияны іске асыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне жүктеледі. Астана қаласында аталған функцияны біздің - Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті (бұдан әрі – Департамент) жүзеге асыратын болады.
Бұл ретте, ДепартаментқызметініңбағыттарыныңбіріҚазақстанРеспубликасыӘлеуметтіккодексініңталаптарынсақтауғамемлекеттікбақылаудыжүзеге асыру болып табылады.
Мемлекеттік бақылау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын сақтау;
2) мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімді кедергісіз орта құру;
3) жергілікті атқарушы органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
2026 жылдың төрт ай қорытындысы бойынша Департамент әлеуметтік Кодекстің сақталуына 17 тексеру жүргізді, оның ішінде профилактилық тексеру – 1, жоспардан тыс – 8, прокуратурамен бірлесіп – 8.
Тексеру барысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы Заңнаманың 47 бұзушылығы анықталды (43 бұзушылық мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кіру бойынша және 4-бұзушылық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етпеуге байланысты).
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы 6 нұсқама шығарылды. Жалпы сомасы 2 млн теңгеге 6 әкімшілік айыппұл салынды (мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында).
Сондай-ақ, есепті кезеңде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына анықталған бұзушылықтарды жою туралы Нұсқаманы мәжбүрлеп орындау бойынша 6 талап арыз жіберілді.
2026 жылға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету "АMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша бекітілген Жол картасына сәйкес бейімделу жоспары порталда интерактивті қолжетімділік картасына "INVA.gov.kz" (бұдан әрі-портал INVA.gov.kz) енгізілген жалпы санының 80% - % құрайды.
Бүгін Астана қаласы бойынша "INVA.gov.kz" порталындағы мәліметтер бойынша Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасымен (бұдан әрі-Басқарма) 2143 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі енгізілген, оның 67% немесе 1435-і бейімделген. Бұл жұмыстың жалғасы бар және 2026 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеуді 80% - ға (немесе 2143 объектінің 1714-ін) қамтамасыз ету қажет.
Сонымен қатар, жергілікті жерлерде объектілер мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына бейімделмеген немесе тек кресло-арбаларды пайдаланатын адамдарға ғана бейімделген, ал есту және көру қабілеті бұзылған адамдарды қоса алғанда, толық бейімделу қажет.
Объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізу кезіндегі негізгі бұзушылықтар:
- пандустың болмауы немесе дұрыс орнатылмауы;
- пандустың бойлық еңісіне сәйкес келмеуі;
- ішкі пандустардың болмауы;
- сыртқы баспалдақтар мен пандустарда тұтқалардың болмауы (оның ішінде бір жағында және бөлгіш тұтқалар);
- кіреберіс алаңының, кіреберіс және ішкі есіктердің енінің сәйкес келмеуі (90 см);
- есік табалдырығының (1,4 см) және баспалдақтың (12 см) биіктігінің сәйкес келмеуі;
- көру қабілеті бұзылған адамдар үшін мнемосхема мен ақпараттық көрсеткіштердің болмауы;
-санитарлық-тұрмыстық үй-жайларда шұғыл түйменің болмауы;
- тактильді ақпарат құралдарының, белгілер мен символдардың болмауы;
- лифттерде дабыл сигналдары мен хабарлағыштардың болмауы және т. б.
Кедергісіз орта қалыптастыру – бір күндік науқан емес, жүйелі түрде жүргізілетін жұмыс. Жаңа Құрылыс кодексі осы бағыттағы құқықтық негізді бекітті. Ендігі міндет – заң талаптарының қағаз жүзінде қалып қоймай, әрбір құрылыс алаңында нақты әрі тиімді орындалуын қамтамасыз ету.
Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүгедектігі бар адамдар үшін объектілерді бейімдеу параметрлері мен талаптары туралы толығырақ ақпарат Департамент сайтындағы әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген.
сілтемесі-https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekastana/documents/details/1011924?lang=kk