
2026 жылғы 6 мамыр күні Әдеп жөніндегі уәкіл, департамент басшысының орынбасары Л.Е. Сартымбетова, Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жоспарының 2.3-тармағын орындау шеңберінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында департамент ұжымымен мереке күндері қарсаңында жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларды сақтау және қызметтік әдеп бұзушылықтарына жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жол жүрісі қағидаларын бұзбаудың алдын алу мақсатында бейнематериалдар көрсетіліп, таныстырылды.
Іскерлік этикетті сақтау, ресми мінез-құлық қағидаларын ұстану, сондай-ақ мемлекеттік қызмет талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын қатаң сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.