
2025 жылғы 05 мамырда Департамент басшысының орынбасары Л.Е. Сартымбетова және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы К.К. Исмаилов «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы жүйелі кедергілер: мүгедектігі бар адамдар үшін емдеу, оңалту және қызметтердің қолжетімділігі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Іс-шараны Азаматтық Альянстың Астана қалалық филиалы және «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы ұйымдастырды.
Іс-шараға сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және мүгедектігі бар адамдар қатысты.
Отырыс барысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелер, оның ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және оңалту саласындағы жүйелі мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
Сонымен қатар медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы жаңашылдықтар, оның ішінде мүгедектікті белгілеу мерзімдерін қысқарту және объективтілікті арттыру мақсатында жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы енгізілген цифрлық шешімдер туралы айтылды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазіргі уақытта медициналық-әлеуметтік сараптама процестерін жаңғырту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатқаны атап өтілді.
Сонымен қатар, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті тарапынан мүгедектікті белгілеу мәселелері бойынша ел аумағындағы аумақтық бөлімшелерді қамтыйтын тексерулер бастамашыланған.
Ведомство тарапынан мүгедектікті белгілеу рәсімдерінің заңдылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде республика бойынша медициналық құжаттарды қолдан жасау белгілері бар фактілер анықталды. Қазіргі таңда республика бойынша осындай 167 факт анықталған.
Аталған деректер бойынша уәкілетті органдар тарапынан кешенді шаралар қабылдануда: қайта куәландыруды бақылау жүргізілуде, материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
Астана қаласында мұндай бұзушылық фактілері анықталған жоқ. Жағдай Департаменттің тұрақты бақылауында және тұрақты мониторинг жүргізілуде. Іс-шара барысында қатысушыларға және тілшілерге барлық сұрақтарына жауаптар берілді.