
№3 медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімінің басшысы Артыковпен Н.А. және бас маман Б.С. Ержановамен 2026 жылғы
15 сәуірде көзбе көз форматта «№13 қалалық емхана» ДКК төрайымы және дәрігерлерімен пациенттерді МӘС жолдау кезінде медициналық құжаттаманың сапасын арттыру мәселелері бойынша аталған емхананың конференц-залында көзбе көз семинар кеңес өткізілді.
Кеңес барысында медициналық құжаттарды рәсімдеу талаптары, медициналық қорытындылардың толықтығы мен дұрыстығы, клиникалық деректердің негізділігі және құжаттарды уақытында ұсыну мәселелері талқыланды.
2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында осы медициналық ұйымнан науқастарды МӘС-ке негізсіз бағыттау болған жоқ. Сонымен қатар, МӘС-ке жолдауда ең жиі кездесетін қателіктерге: науқастың деректерінің толық толтырылмауы (жұмыс орны), клиникалық диагноздың нақты көрсетілмеуі, анамнез және ауру ағымының жеткіліксіз жазылуы, зерттеу және тексеру нәтижелерінің толық тіркелмеуі, еңбекке жарамсыздық кезеңінің дұрыс көрсетілмеуі - еңбекке жарамсыздық парақтары және емделу кезеңі толық жазылмауы, жолдама түрін қате таңдау, кейбір жағдайларда көзбе көз (очно) қаралу керек науқастар сырттай-проактивті жолдау не керісінше жасау) фактілері орын алды. Осы кемшіліктерге талдау жүргізіліп, оларды болдырмау жолдары қарастырылды. Медициналық ұйымдарға құжаттаманы жүргізу сапасын арттыру, ішкі бақылауды күшейту және жауапты мамандардың біліктілігін жоғарылату бойынша ұсынымдар берілді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарының: 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 – «МӘС жүргізу қағидалары»; 2023 жылғы
30 маусымдағы № 283 бұйрығымен бекітілген «Санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидалары»; 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен бекітілген «Протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық қосымша (компенсаторлық) құрылғылармен, арнаулы жылжу құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары», 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығымен бекітілген – «Жеке көмекші қызметін ұсыну қағидаларының» негізгі ұстанымдары түсіндірілді.
«№13 қалалық емхана» ДКК төрайымы және дәрігерлерінің МӘС мәселелері бойынша қойған сұрақтарына жауап берілді.
Кеңестің қорытындысы бойынша азаматтарды МӘС-ке жолдау кезінде медициналық құжаттаманың сапасын жақсарту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
№ 3 бөлім басшысы
Н.А. Артыков