Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қатысты

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы  ынтымақтастық  туралы келісімге қатысты

Қазақстан мен Моңғолия Үкіметтері арасында зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойылды, ол азаматтық тұлғаларға зейнетақы төлемдерін тағайындау бөлігінде қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді.

Келісім 2026 жылғы 1 сәуірде күшіне енеді.

Ынтымақты зейнетақы саласында – бұл еңбек өтілін өзара есепке алу, сондай-ақ әскери қызмет пен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және арнаулы орта білім беру ұйымдарында оқу кезеңдерін еңбек өтіліне есепке алу.

Бұдан басқа, келісімде Қазақстан мен Моңғолия арасындағы жинақтаушы зейнетақы экспорты бойынша ынтымақтастықтың жаңа түрі көзделеді.

Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне (ХҚКО) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бұрын ұсынылған құжаттарды толықтыратын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі туралы құжаттарды ұсынған кезде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін өзгерту, жүргізілген арттырулар ескеріле отырып Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті берген күннен бастап уәкілетті органның шешімінің негізінде жүзеге асырылады хабарлаймыз (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы»).

Келісім Тараптардың бірінің мемлекетінің аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы мен Моңғолия азаматтарына қолданылады (шетел азаматының тұруға ықтиярхат құжаты бойынша).