
2025 жылы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ базасында орналасқан байланыс орталығы азаматтардың 1 095 000 өтінішін өңдеді, оның ішінде 896 000-нан астамы (81,8%) әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша атаулы сауалдар болды. Байланыс орталығы Қазақстанның барлық аймақтарының тұрғындарына кеңес береді және мемлекеттік қызметтермен байланысудың негізгі арналарының бірі болып табылады.