Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізу туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізу туралы

2025 жылғы 20 наурызда департамент басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкілдің Л.Е. Сартымбетованың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына және ойын-сауық мекемелеріне баруына жол бермеу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес барысында мемлекеттік функцияларды орындау кезінде іскерлік киім үлгісін қатаң сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ мереке күндері қарсаңындағы мінез-құлық нормалары түсіндіріліп, жалпы қабылданған моральдық-әдептік қағидаларды сақтау және қызметтік әдеп талаптарын бұзуға жол бермеу қажеттігі атап өтілді.