«Жанұя» медициналық ұйымы ДКК төрайымдарымен медициналық құжаттаманың сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді

«Жанұя» медициналық ұйымы ДКК төрайымдарымен медициналық құжаттаманың сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді

№3 медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімінің басшысы Артыковпен Н.А. және бас маман Б.С. Ержановамен 2026 жылғы
18 наурызда көзбе көз форматта «Жанұя» ЖШС емханасы филиалдарының ДКК төрайымдары (төрағаларымен) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау кезінде медициналық құжаттаманың сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес барысында медициналық құжаттарды рәсімдеу талаптары, медициналық қорытындылардың толықтығы мен дұрыстығы, клиникалық деректердің негізділігі және құжаттарды уақытында ұсыну мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, МӘС-ке жолдауда ең жиі кездесетін қателіктерге талдау жүргізіліп, оларды болдырмау жолдары қарастырылды. Медициналық ұйымдарға құжаттаманы жүргізу сапасын арттыру, ішкі бақылауды күшейту және жауапты мамандардың біліктілігін жоғарылату бойынша ұсынымдар берілді.

Кеңестің қорытындысы бойынша азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау кезінде медициналық құжаттаманың сапасын жақсарту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.