
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті 2025 жылы 18 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 92 972 қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетті.
Оның ішінде 15 мемлекеттік қызмет электрондық форматта көрсетіледі. Мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындау және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау мемлекеттік қызметтері тікелей қызмет алушыларға көрсетіледі. Есепті кезеңде мүгедектікті белгілеу бойынша 19 873 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар:
- бекітілген бюджеттік субсидиялар саны – 19 644;
- қайта қаралған зейнетақылар мен жәрдемақылар – 58 042;
- қабылданған азаматтар – 1 968;
- қаралған жазбаша өтініштер – 1 336;
- Ресей Федерациясынан түскен сұраулар – 1 061.
2025 жылы Департамент мамандары 277 азаматтық іс және 12 әкімшілік іс бойынша сот процестеріне қатысты.
|
№ |
Мемлекеттік қызмет атауы |
2024 жаңа |
2025 жаңа |
2024 қайта қарау |
2025 қайта қарау |
2024 жалпы |
2025 жалпы |
|
1 |
Жасына байланысты зейнетақы тағайындау |
9078 |
10073 |
7902 |
8804 |
16980 |
18877 |
|
2 |
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау |
10221 |
10694 |
13008 |
6892 |
23229 |
17586 |
|
3 |
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы |
3877 |
3868 |
10656 |
11703 |
14533 |
15571 |
|
4 |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау |
774 |
832 |
5933 |
6810 |
6707 |
7642 |
|
5 |
№1 және №2 тізімдер бойынша арнайы жәрдемақы тағайындау |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
6 |
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау |
849 |
1016 |
1422 |
1576 |
2271 |
2592 |
|
7 |
Регрестік төлем тағайындау |
3 |
3 |
1 |
0 |
4 |
3 |
|
8 |
Баланың тууына және күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау |
29223 |
27976 |
171 |
172 |
29394 |
28148 |
|
9 |
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға, қорғанышына жәрдемақы тағайындау |
1834 |
1742 |
3560 |
3972 |
5394 |
5714 |
|
10 |
Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау |
3701 |
3996 |
0 |
0 |
3701 |
3996 |
|
11 |
Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу |
18967 |
19873 |
0 |
0 |
18967 |
19873 |
|
12 |
Мемлекеттік кепілдік төлем |
8340 |
7084 |
0 |
0 |
8340 |
7084 |
|
13 |
Алтын алқа, Күміс алқа алқаларымен наградталған аналарға жәрдемақы тағайындау |
504 |
544 |
319 |
328 |
823 |
872 |
|
14 |
Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы тағайындау |
4019 |
3869 |
14840 |
17077 |
18859 |
20946 |
|
15 |
Бірінші топ мүгедектегі бар тұлғаға күтім жасайтын тұлғаға берілетін жәрдемақы тағайындау |
657 |
741 |
501 |
649 |
1158 |
1390 |
|
16 |
Арнаулы кәсіптік жәрдемақы тағайындау |
265 |
181 |
0 |
0 |
256 |
181 |
|
17 |
Семей полигонынын зардап шеккендерге арналған біржолғы төлем тағайындау |
279 |
426 |
11 |
17 |
290 |
443 |
|
18 |
Саяси қуғын‑сүргін құрбандары берілетін біржолғы төлем тағайындау |
252 |
54 |
0 |
42 |
252 |
96 |
Еңбек өтілінің жасанды түрде ұлғайтылу факттері бойынша зейнетақы іс-ұжаттарын тексеру бойынша
Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамтамасы ету бөлімдерінің мамандары бірдей еңбек өтілі бар ЭІМ зейнетақы төлемдерін тағайындауға ұсынылған құжаттарға салыстырмалы талдау жүргізу арқылы тексеру жүргізеді, қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік мұрағаттарға сұрау салу жіберіледі.
2025 жылы Комитет ұсынған тізімге сәйкес зейнетақы төлемдерін алушылардың 373 ісіне тексеру жүргізілді, ұсынылған құжаттар бойынша еңбек өтілі расталды, құжаттарды бұрмалау фактілері анықталмады, сұрау салуларды жіберу талап етілмеді.
«Базалық зейнетақы төлемін есептеу кезінде зейнет жасқа жақындағанда бір төлеммен төленген МЗЖ ескерілген зейнетақы алушылар» Астана қаласы бойынша 2025 жылға 22 алушы бар.
Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша келесілер анықталды:
- 4 алушы бойынша еңбек өтілі расталды;
- 14 алушы бойынша еңбек өтілін жасанды ұлғайту фактісі анықталып. Олардың базалық зейнетақылар сәйкестікке келтіріліп, артық төленген сомалары қайтару туралы талап қойылды.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша артық алынған төлем сомасы 554 532 теңгені құрайды, оның ішінде 535 681 теңге өтелді, қалғаны -18 851 теңге.
Азаматтарды зейнетақы төлемдерін тағайындауға қажетті құжаттарды ұсыну барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтауға және заңға қайшы әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз.