
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Астана қаласы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінде әйелдер қауымын құттықтау шарасы өтті.
Шара барысында нәзік жанды әріптестерге көктемнің шуақты мерекесіне орай жылы лебіздер білдіріліп, олардың қоғамдағы және қызметтегі маңызды рөлі ерекше атап өтілді. Әйелдердің кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі мен қажырлы еңбегі ұжымның дамуына үлкен үлес қосып отырғаны айтылды.
Мерекелік кездесуде әйелдерге зор денсаулық, бақ-береке, отбасылық амандық және еңбектеріне табыс тілеп, алғыс сөздер айтылды.
Іс-шара соңында ұжымның әйелдеріне мерекелік көңіл-күй сыйланып, ізгі тілектер білдірілді.