
2026 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Астана қаласы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп мүгедектігі бар адамдармен және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру, сондай-ақ әлеуметтік қызмет алушыларды толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау болды.
Кездесу барысында қатысушыларға міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз ету нормалары түсіндірілді. Қызмет алушыларды жөргектермен қамтамасыз ету Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы бір алушыға белгіленген жылдық көлем шегінде – 1460 дана көлемінде жүзеге асырылатыны атап өтілді.
Жөргектерді беру қолданыстағы нормативтерге сәйкес тоқсан сайын 365 дана мөлшерінде жүзеге асырылады.
Кездесу барысында қатысушылар әлеуметтік қызметтерді алу тәртібі және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Уәкілетті органдардың өкілдері қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті ұсынымдар берді.
Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызмет алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қолдау шараларын уақтылы алу қажеттігі атап өтілді.