Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жөргектермен қамтамасыз ету тәртібі туралы түсіндірме

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жөргектермен қамтамасыз ету тәртібі туралы түсіндірме

Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ оларды ауыстыру мерзімдерін ескере отырып қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, қызмет алушыларды жөргектермен қамтамасыз ету Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы бір алушыға белгіленген жылдық көлем — 1460 дана шегінде жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Жөргектерді беру тоқсан сайын кемінде 365 дана мөлшерінде жүргізіледі. Қайта рәсімдеу алдыңғы алған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен ерте жүзеге асырылмайды. Аталған мерзім өтінімдерді уақтылы қалыптастыруға және мемлекеттік қолдаудың үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қызметті рәсімдеу электрондық форматта жүзеге асырылады. Белгіленген норма шегінде қажетті жөргек санын таңдағаннан кейін өтініш жүйе арқылы автоматты түрде қалыптастырылады. Қызмет алушы қажетті көлемді дұрыс көрсетуі тиіс, содан кейін өтінім қарауға жіберіледі.

Тоқсан сайын беру тәртібін енгізу бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын күшейту қажеттілігімен байланысты. Бұған дейін жылдық көлемді бір реттік беру кезінде пайдаланылмаған жөргектерді үшінші тұлғаларға өткізу, сондай-ақ қолдау шарасын монетизациялау фактілері тіркелген, бұл оның әлеуметтік мақсатына қайшы келеді.

Қабылданған өзгерістер мемлекеттік қолдауды алушыларға әлеуметтік құралдарды ұсынудың атаулылығын, ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.