
№1 МӘС бөлімінің басшысы Бейсекина О.Ю., МӘС әдістемелік және бақылау бөлімімен 2026 жылғы 03 наурызда ZOOM форматында ГКП на ПХВ № 4, 6, 11, 15, «Медикер Астана», «Cyti», «Green clinic», «Bio Lab», «Салауатты Астана», «Поликлиника МВД» емханаларының ВКК төрағаларымен медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау кезінде медициналық құжаттаманың сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында медициналық құжаттарды рәсімдеу талаптары, медициналық қорытындылардың толықтығы мен дұрыстығы, клиникалық деректердің негізділігі және құжаттарды уақытында ұсыну мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдауда ең жиі кездесетін қателіктерге талдау жүргізіліп, оларды болдырмау жолдары қарастырылды. Медициналық ұйымдарға құжаттаманы жүргізу сапасын арттыру, ішкі бақылауды күшейту және жауапты мамандардың біліктілігін жоғарылату бойынша ұсынымдар берілді.
Кеңестің қорытындысы бойынша азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау кезінде медициналық құжаттаманың сапасын жақсарту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.