Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында ведомствоның 2025 жылғы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы жұмысының қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған міндеттер белгіленді. Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік көмектің қатаң атаулылығын қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.Ертаев Министрліктің басты және стратегиялық бағыттары еңбек және халықты жұмыспен қамтылуын дамыту, Жұмысшы кәсіптер жылындағы міндеттерді белсенді іске асыруды жалғастыру, Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамыту және қауіпсіз еңбек тұжырымдамаларының шеңберінде іс-шараларды іске асыру, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін арттыру болып табылатынын атап өтті.