
Қазақстанда іске асырылып жатқан реформалар кешені аясында әлеуметтік қорғау саласында балалары бар отбасын қолдау және гендерлік теңдік мәселелері басым мәнге ие.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасының орындалуы қамтамасыз етілуде (ҚР Президентінің 01.04.2022 ж. Жарлығы), онда отбасы институты мен гендерлік теңдікті дамытудың қазақстандық моделі көрініс тапқан.
Президенттің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 1081 "Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы" Жарлығына сәйкес отбасы институтын нығайту және отбасылық құндылықтарды қолдау; жауапты ата-ана болу идеясын ілгерілету; отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Қазақстанда азаматтардың өмірлік жағдайларының барлық кезеңдерінде балалары бар отбасыларды қолдауды көздейтін мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қамтитын кешенді моделі құрылғаны белгілі.
Отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесі әртүрлі өмірлік жағдайларды қарастырады және бір жарым жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға, көп балалы отбасылар мен аналарға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетіледі.
Балалары бар отбасылар үшін барлық шаралар әлеуметтік тәуекел туындаған кезде көмек көрсетуге бағытталған (бала күтіміне байланысты табысынан айырылу, асыраушысынан айырылу және т.б.), бұл ретте негізгі критерий ата-анасының мәртебесі емес, отбасында балалардың болуы болып табылады.
Осылайша, бала тууды ынталандыру, отбасында балаларды тәрбиелеу мақсатында келесі жәрдемақы түрлері қарастырылған:
- жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем, оның мөлшері әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты айқындалады;
- жұмыс істейтін әйелдерге бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем, соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40% мөлшерінде.
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жаңа Конституция жобасының негізі болып табылғанын да айта кету қажет.
Сонымен қатар, елорда азаматтарын ақпараттандыру және құқықтық хабардар ету мақсатында жаңа Конституцияның негізгі ережелері туралы атап өткім келеді. Конституцияның жаңа редакциясында адам құқықтары олардың абсолюттілігіне баса назар аудара отырып, басымдық ретінде бекітілген.
Осылайша, жаңа Конституцияның жобасында мемлекеттің одан әрі дамуы, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту және Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру көрсетілген.
Жоба Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет екендігі туралы ережені сақтайды және дамытады. Бұл мемлекеттің лайықты өмір сүру, отбасын қолдау, еңбекті қорғау, білім алу және денсаулық сақтау құқығын қамтамасыз ету міндетін білдіреді.
Әлеуметтік кепілдіктер қағаз жүзінде ғана қалмай, адамдардың өміріне әсер ететін нақты шешімдер мен бағдарламаларда көрініс табуы өте маңызды.
Өздеріңіз білетіндей, - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 15 наурызда конституциялық реформа бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл күні әрбір азамат жаңа Конституция бойынша өз пікірін білдіріп, дауыс бере алады.
Референдум-бұл маңызды мәселелерді халықтың өзі шешудің тетігі. Бұл халықтың пікірі мен дауысын ескере отырып, демократияны жүзеге асырудың бір жолы.
Референдум арқылы билік азаматтардың пікірін тыңдайды және қоғамның үміттерін ескереді. Сонымен қатар, бұл ашықтық пен сенімділікті арттырады және еліміздің болашағын бірлесіп қалыптастыруға мүмкіндік береді.