«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау туралы»

«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау туралы»

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) халықты әлеуметтік қорғау саласында іске асырушылық және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнама талаптарының сақталуы бойынша тексеруді және алдын ала бақылауды жүзеге асыру құқығы  Департаменттің өкілеттіктерінің бірі болып табылады.

Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары жүзеге асырады. Мемлекеттік бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және тексерістер түрінде жүргізіледі. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес берілген бақылау функцияларын іске асырады.

2025 жылы Департаментпен барлығы 97 тексеру жүргізілді, оның ішінде: Құқықтық  статистика және арнайы есепке  алу комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінде (әрі қарай – ҚСАЕА) тіркелгендер - 81 (профилактикалық бақылау-21, жоспардан тыс тексеру-60) және прокуратураның тапсырмасы бойынша-16. (2024 жылдың 12 айында 168 тексеру жүргізілді, оның ішінде: ҚСАЕА – да тіркелгені - 60 (профилактикалық бақылау-22, жоспардан тыс тексеріс-38) және прокуратураның тапсырмасы бойынша-108).

Жоспардан тыс жүргізілген 60 тексерудің 45 – сі заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша, 15 - сі нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жүргізілді.

2025 жылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 36 нұсқама және 16 қорытынды берілді.     

Сондай - ақ 29 заңды және лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде департамент Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі-ӘҚБтК) 83-бабының 1-тармағы 1-тармақшасы бойынша-21 және ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша ӘҚБтК-ге кіруді қамтамасыз етпегені үшін сот 8 заңды тұлғаға айыппұл салды.

Салынған айыппұлдар сомасы 9 042 880 теңгені құрайды, (2024 жылы - 41 738 000 теңге пйыппұл салынды.