Қазақстан Республикасының Президенті жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының Президенті жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті 2026 жылғы 15 наурызға жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Референдум – халықтың ерік-жігерін тікелей білдіруінің жоғары нысаны. Ол әрбір азаматқа ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Жаңа Конституция мемлекеттің одан әрі дамуының құқықтық негізін айқындайды.

Астана қаласының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, референдумға қатысуға шақырамыз. Сіздің даусыңыз – ел болашағына қосқан үлесіңіз.