
"2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес мемлекеттік жәрдемақылардың, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерін арттыру көзделген. Заңға сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде қолданылатын базалық көрсеткіштер өзгертілді:
– айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңгені құрайды;
– ең төменгі зейнетақы – 68 049 теңге (01.01.1998 жылға дейін ерлер үшін – 25 жыл, әйелдер үшін – 20 жыл өтілі болған жағдайда);
– базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі (ТКД) – 50 851 теңге;
– ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 35 596 теңге.
Осыған байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғарыда аталған көрсеткіштерге сәйкес әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар өсуде.
Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері
Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері 10 пайызға өседі. Бұл ретте, 2026 жылы жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 55 еселенген АЕК (237 875 теңге) құрайды.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі
Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне қосымша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (бұдан әрі – базалық зейнетақы) төленеді, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жасаған жұмыс өтілі, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі қосылады, ол жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңділігі бойынша айқындалады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он және одан аз жыл болған не ол болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан асқан әрбір толық жыл үшін оның мөлшері ұлғайтыла отырып, ӨМ-нің 70 пайызы мөлшерінде тиісті қаржы жылына белгіленген ӨМ-нің 2 процентіне, бірақ 118 процентінен аспайтын мөлшерде республикалық бюджетте (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ПМ – 60005 теңгенің 118% - құрайды).
Қазақстанда бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы отбасының табысына қарамастан, отбасында бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда 38 АЕК мөлшерінде тағайындалады. Сәйкесінше 2026 жылғы қаңтардан бастап 164 350 теңгені (38*4 325 теңге) құрайды.
Ана мен баланы қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде отбасында төртінші және одан да көп бала туылғанда біржолғы жәрдемақы 63 АЕК мөлшерінде тағайындалады және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жәрдемақы 272 475 теңгені құрайды (63*4 325 теңге).
Ал егер егіздер (үшемдер және т.б.) туылған жағдайда әр балаға біржолғы жәрдемақысы төленеді және оның мөлшері отбасындағы балдарының туылған санына байланысты.
Атап өту керек, 2022 жылғы қыркүйектегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі бала 1,5 жасқа толғанға дейін ұлғайды, оның мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:
– отбасындағы бірінші балаға – 24 912 теңге (5,76 АЕК);
– отбасындағы екінші балаға – 29 454 теңге (6,81 АЕК);
– отбасындағы үшінші балаға – 33 952 теңге (7,85 АЕК);
– отбасындағы төртінші және одан да көп балаға – 38 493 теңге (8,9 АЕК) құрайды.
Сонымен бірге, Әлеуметтік кодекстің 85 бабына сәйкес жұмыс істейтін аналарға бір жарым жасқа дейін бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері бала туу кезектілігіне байланысты күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерінен кем болуы мүмкін емес.
Күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақы.
Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындалады.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруіне ескере отырып, төленеді және ол 2026 жылғы қаңтардан бастап ТКД-нің 1,61 құрайды (немесе 81 871 теңге).
Сондай-ақ, 2024 жылғы қаңтардан бастап бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақы (яғни 18 жастан асқан) ТКД-нің 1,61 құрайды (немесе 81 871 теңге).
Әлеуметтік кодекске сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Республикалық бюджеттен "Алтын алқа" алқасымен, "Батыр ана" атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін көтерілген еді, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 32 005 теңгені құрайды.
Өз кезегінде "Күміс алқа" алқасымен марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 2026 жылдың қаңтарынан 27 680 теңгені (6,4 АЕК) құрайды.
Алматы қаласы бойынша осы өзгерістерге марапаты мен атағын алған 5544 аналарымыз ие болады.
Бұдан басқа, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін АЕК мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді және тиісінше 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналарды құрайды:
– төрт балаға – 69 330 теңге (16,03 АЕК);
– бес балаға – 86 673 теңге (20,04 АЕК);
– алты балаға – 104 017 теңге (24,05 АЕК);
– жеті балаға – 121 360 теңге (28,06 АЕК);
– сегізінші және одан да көп балаға – 138 400 теңге (4 АЕК-ен әр балаға).
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ТКД өсуіне байланысты, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және түзеу мекемелеріндегі тұлғалар үшін Кодекстің 177 және 236 баптарында көзделген мөлшерлерде белгіленеді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар оларды алушылардың әртүрлі санаттары бөлінісінде мынадай мөлшерде төленеді:
1) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға;
2) жалпы ауруға шалдығудан, жұмыста мертігуден, кәсіптік ауруға шалдығудан болған мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ мүгедектігі әскери қызметтегі міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертігу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауруға шалдығу салдарынан болған кезде әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдар:
3) мүгедектігі әскери қызметін өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан болған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарынан мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлардың салдарынан болған адамдар, және себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектігі бар адамдарға;
4) мүгедектігі әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан болған әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қызметтік міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдарға;
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері ең төменгі күкөріс деңгейі (43407 теңге) өсуіне байланысты 2026 жылғы қаңтардан бастап ұлғаяды. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері қайтыс болған адамның отбасындағы еңбекке қабілетсіз мүшелер санына, қайтыс болу себебіне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақының мөлшері:
Зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге 35 еселенген АЕК мөлшерінде біржолғы төлем жүргізіледі, яғни 2026 жылы 151 375 теңгені құрайды.
Ұлы Отан соғысының ардагері болған жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге 36,6 еселенген АЕК мөлшерінде біржолғы төлем жүргізіледі немесе 2026 жылғы қаңтардан бастап 158 295 теңгені құрайды.