
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті» РММ – бүгін 17-ші ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылдың 15-ші наурызында Конституциялық реформа бойынша референдум өткізу туралы Жарлығына қол қойды.
Бұл күні әр азамат жаңа Конституцияға қатысты өз ойын білдіріп, дауыс бере алатыны тақырыбы бойынша ұжымда қызметкерлер арасында талқылау өтті.
Референдум – маңызды мәселелерді халық болып шешудің тетігі. Бұл халықтың пікірі мен дауысы ескеріліп, демократияны нақты жүзеге асырудың бір жолы.
Референдум арқылы билік азаматтардың ойын ескеріп, қоғамның ұсыныстарын есепке алады. Сонымен қатар, бұл ашықтық пен сенімділікті арттырып, еліміздің болашағын бірге қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ұсынылып отырған өзгерістерден мемлекеттің әлеуметтік болмысын күшейтудің және мемлекеттік саясаттың өзгені еңбек адамын қайта қоюдың нақты мүмкіндігін көріп отырмыз.
Жаңа Конституция жобасы департамент ұжымында кеңінен ашық түрде талқыланды. Жаңа жобада адамның қадірі мен құқығы ең жоғарғы құндылық деп нақты көрсетілген. Кез келген реформа ең алдымен қарапайым адамдардың өмірін жақсартуы тиіс. Яғни экономика өсуінен, цифрландыру еңгізуін, бюджет бөлінуі пайдасын халық сезінуі керек. Жалпы әр адамның құқығын нығайтатын, мемлекеттік бақылауды күшейтетін және баршаға ортақ әділ қағидаттарды қалыптастыратын реформаны қолдаймыз.