
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қарауға арналған кеңес өтті. Министр Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен шара бейнеконференция режимінде өтті.
Шараға Халықты әлеуметтік қорғауды реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты, сондай-ақ «Береке Астана» мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Негізгі заң жобасының мемлекеттің әлеуметтік саясатына қатысты негізгі ережелері талқыланды. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері, әділдік пен теңдік қағидаттары, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері бекітілгені атап өтілді.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған өзгерістерді қолдап, олардың халықты әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.