
2026 жылғы 5 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Жас көрермендерге арналған музыкалық театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Мүгедектігі бар адамдарға арналған театрда қолжетімді орта құрудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Бұл іс-шара мүгедектігі бар адамдар үшін театрда сапалы кедергісіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары аясында өткізілді.
Жиынға Астана қаласы әкімдігінің «Жас көрермендерге арналған музыкалық театры» МКҚК директорының орынбасары Шоман А. және театр ұжымы қатысты.
Департаменттің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бөлім басшысы –мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы Туреханов Б.Ж. кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша баяндама жасады.