
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы И.В.Скуб департаментке тағайындалған жаңа басшы Айтмагамбетов Аскар Абильдаулын үжымға таныстырып, оның кәсіби тәжірибесі мен біліктілігін атап өтті. Сондай-ақ жүктелген міндеттерді тиімді іске асырып, департамент қызметін одан әрі дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.
Айтмагамбетов А.А. көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, қойылған міндеттерді сапалы орындауға және нәтижелі жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.