Іс-шара «Алматы» ауданындағы нысандарда мүгедектігі бар адамдар үшін сапалы кедергісіз ортаны қамтамасыз ету, сонымен қоса «inva.gov.kz/ru» қолжетімді интерактивті картасы бойынша

Іс-шара «Алматы» ауданындағы нысандарда мүгедектігі бар адамдар үшін сапалы кедергісіз ортаны қамтамасыз ету, сонымен қоса «inva.gov.kz/ru» қолжетімді интерактивті картасы бойынша

2026 жылғы 15 қаңтар  Елорданың «Алматы» ауданы  әкімдігінде аудан әкімінің басқаруымен жиналыс өтті.

Бұл іс-шара «Алматы» ауданындағы нысандарда мүгедектігі бар адамдар үшін сапалы кедергісіз ортаны қамтамасыз ету, сонымен қоса «inva.gov.kz/ru» қолжетімді интерактивті картасы сұрағы бойынша ұйымдастыру жұмыстарының шеңберінде  өткізілді.

Кездесуге «Алматы» ауданының әкімі Тәуекелов Р.С., ауданы әкімінің орынбасары Елимсарина А.Т., бөлім басшысы Бекенова С.М., аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Сыздыков Н.З., Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Танибергенова А.А., бөлім басшысы  Аубакирова А.А., «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігінің жоба басшысы Ильясова Н.Б., «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі Дилжанова Ж.Ж.  қатысты.

Департаменттің Халықты  әлеуметтік қорғау саласындағы бөлім басшысы –мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы Туреханов Б.Ж. кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша баяндама жасады.