
Маңызды міндеттерінің бірі – халықты Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі туралы, осы салаға енгізіліп жатқан заңнамалық жаңалықтар туралы, сондай-ақ зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру.
Ақпараттық науқан аясында БЖЗҚ далалық қызмет көрсету бөлімінің бас маманы М.Құрманғалинов БЖЗҚ төлемдерінің барлық түрлері бойынша салық шегерімдерін өзгерту туралы айтты. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары туралы, «Балаларға арналған Ұлттық қор» бағдарламасы бойынша, инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау құқығы және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударымдар, онлайн қызметтері туралы.