Оқу семинары

Оқу семинары

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің тапсырмасы бойынша 2026 ж. 06.01 департамент қызметкерлерімен азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Өтініштерді қарау барысында заңнама талаптарын, қарау мерзімдерін, өтініш берушілерді тыңдау тәртібін және өзге де белгіленген рәсімдерді қатаң сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, қызметтік мінез-құлық қағидаларын сақтау, мемлекеттік қызметтер көрсету және азаматтарды қабылдау кезінде әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды.