Ашық есік күні

Ашық есік күні

2025 жылғы 18 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалында (Алматы ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы) Тәуелсіздік даңғылы мекенжайы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Д.Т. Садвокасованың қатысуымен бірлескен ашық есік күні өтті. Сондай-ақ Астана қаласы бойынша ҰАО филиалының және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының өкілдері қатысты. 16 азаматқа зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңестер берілді.