Темекісіз өмір – денсаулық кепілі!

Темекісіз өмір – денсаулық кепілі!

Темекі шегу – адам денсаулығына аса зиянды әдеттердің бірі. Оның салдары көптеген қауіпті ауруларға алып келеді. Никотин мен темекі түтініндегі улы заттар ағзаға кері әсерін тигізіп, тыныс алу, жүрек-қан тамыр жүйесін зақымдайды.

 

Темекі шегудің басты зияндары:

- Өкпе, тамақ және ауыз қуысы қатерлі ісігіне шалдықтыру қаупін арттырады;

- Жүрек-қан тамыр ауруларына себеп болады;

- Иммунитетті әлсіретеді;

- Терінің ерте қартаюына әкеледі;

- Жүкті әйелдер үшін бала денсаулығына қауіп төндіреді.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, темекі шегуден жыл сайын миллиондаған адам қайтыс болады. Сондықтан өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін темекіден бас тарту – ең дұрыс шешім!