
Әлеуметтік қызметтер порталы (https://psubeta.enbek.kz/ https://aleumet.egov.kz/) әлеуметтік - еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылады және жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға оңалту құралдары мен қызметтерін тікелей жеткізушілерден өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйені білдіреді.
Aleumet порталы арқылы тапсырыстарды ресімдейтін жосықсыз өнім берушілердің — техникалық құралдардың, оңалту қызметтерінің, өзге де жеңілдіктердің ережелерін бұза отырып немесе алаяқтық тәсілмен жағдайлары жиілеп кетті.
Біз Портал арқылы тапсырыстарды рәсімдеу кезінде мұқият және сақ болуға шақырамыз.
Егер сіз күдікті әрекеттерге, алаяқтыққа, тапсырысты орындаудан бас тартуға немесе негізсіз талаптарға тап болсаңыз-міндетті түрде уәкілетті органдарға: «Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына» немесе «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ-не хабарласуыңызды сұраймыз.